Жаратылыстану-математика бағыты бойынша қалалық олимпиада

Әдістемелік жұмыс

    2025 жылғы 27 сәуірде Астана қаласындағы Техникалық колледжде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша қалалық олимпиада өтті.

    Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінің студенттері бұл білім сайысында ерекше белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды:

    География пәнінен III орын – Бектурина Жансая (УИЯНОк-11 тобы), жетекшісі Бахитбек Дана.

    Химия пәнінен III орын – Аккошкаров Габиден (Тк-11 тобы), жетекшісі Абдуллаұлы Иманғали.

    Физика пәнінен III орын – Өмірали Әділ (ПОк-11 тобы), жетекшісі Аймухамбетова Айнаш.

    Жеңімпаз студенттерімізге алғыс айтамыз. Олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығы өзгелерге үлгі. Ұстаздарға көрсеткен кәсібилігі мен бағыт-бағдары үшін ерекше алғыс білдіреміз.

    Барша қатысушыларға жаңа белестер мен сәттіліктер тілейміз.