«Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестивалі

Әдістемелік жұмыс

    2025 жылғы 17–18 сәуір күндері жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестивалі өтті. Мақсаты: оқытушылар мен колледж студенттерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының имиджін арттыру.

    Іс-шара аясында колледж студенттерінің көркемсурет және шығармашылық жұмыстарының қалалық байқауы, «Кәсіптік білім: өткеннің тәжірибесі, болашаққа көзқарас» тақырыбында педагогикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, колледж педагогтеріне арналған цифрлық құзыреттілікті дамыту және инновациялық технологияларды енгізу бойынша шеберлік сыныптары өтті. Сонымен қатар, Қазақ Технология және дизайн колледжінің педагогтерімен және әлеуметтік серіктестермен диалог алаңдары ұйымдастырылды.

    Фестиваль аясында «100 бейінді сынып» жобасына қатысушылар мен мектеп оқушыларына арналған практикумдар, Астана қаласының колледж түлектерімен студент жастардың кездесулері де өтті.

    Фестивальге 300-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. М.Жұмабаев Халықаралық  жоғары колледжінен төрт шығармашылық жұмыс ұсынылды. 

    Нәтижесінде, 1 курс УНОк-24-10 тобының студенті Амиржанова Адел қатысушы сертификатымен марапатталса, жетекшісі Алшынбаева Гүлайым Жанбалаевна,  4 курс УНОк-41 тобының студенттері  Кульмухамбетова Ажар,  Асылбек Алия 1-орын иегерлері атанды, жетекшілері Үсіпбекова Ақмарал Алимхановна. 

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!