«Қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі: әдістеме, инклюзия және цифрлық құзыреттілік» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары

Әдістемелік жұмыстар

Пост-релиз

    Магжан Жұмабаев  Халықаралық жоғары колледжінің студенттері үшін «Бастауыш сыныптың заманауи мұғалімі: әдістеме, инклюзия және цифрлық құзыреттілік» тақырыбында жалпы көлемі 144 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

    Курсты арнайы пәндер оқытушысы Аханова Айтжамал Қайруллиновна жүргізді.

    Курс барысында студенттер бастауыш сыныпта оқытудың заманауи әдістемелерін терең меңгеріп, инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарымен танысты, сондай-ақ педагогикалық тәжірибеде цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамытты.

    Алынған құзыреттер болашақ педагогтардың жаңартылған білім мазмұны жағдайында және қазіргі білім беру талаптарына сай кәсіби қызметін сенімді атқаруына мүмкіндік береді.


Бастауыш білім берудегі біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасы



«Заманауи бастауыш мектеп мұғалімі: әдістеме, инклюзия және цифрлық құзыреттілік» курстан сертификаттар